«Константинов орта мектебі» ММ Қамқорлық Кеңесінің жұмысы бойынша есебі

Қамқорлық  кеңесінің  құзіреттілігі   келесі  жұмыстарды қамтиды: ұстаздардың  жұмыстары   мен  оқушылардың  оқуына  жағымды  жағдай  жасау, мектептің  дамуына   қолдау  көрсету,  балалар мен олардың ата-аналарының  білім алудағы  қажеттіліктерін  қолдау   көрсету.       

  Жалпы іс – шаралар  өткізу,  мектеп алаңын   көгалаңдыру  ,  оқушылар арасындағы  жағымсыз  іс –әрекеттерің  алдын  алу  профилактикасы   бойынша  мектеп пен  отбасының  бірігіп  жұмыс жасауы  бойынша мәселелер    қарастырылған  жыл бойы  Қамқорлық  Кеңестің  3  отырысы    өткізілді  .

   Қамқорлық  кеңес   жұмысының  басты   бағыттары:

-  мектепте  оқушылардың  оқыту  мен тәрбиелеуге  қауіпсіз  жағдай  жасауға  көмек беру;

- мектептің  ғимараты  мен  аймағын  көгалағдыру,  материалдық  – техникалық  базасының  қалыптасуына  ықпал ету;

-  мектеп  іс-шаралар,сайыстарды   ұйымдастыруға көмек  көрсету.

  Мектепте   Қамқорлық  Кеңесінің   көмегімен өткен іс-шаралар :   "Мұғалім күні",  « ҚР  Тұңғыш  Елбасы күні», «  ҚР ТӘуелсіздік  күні», «  Жаңа жыл»,  «Наурыз мейрамы».

       Қамқорлық   Кеңесінің   банк   шоты    жоқ, сондықтан  жыл бойы  ақшалай қаражат   түскен жоқ.