«Константинов орта мектебі» ММ 2019-2020 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу бойынша есебі
Мектепте ағымды оқу жылының мектептің жұмыс жоспарының бөлімі болатын кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары бекітілген .
Оқу жылының басынан бастап мектепте кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс өткізіледі , мектеп түлектерімен бұл бағытта әңгімелер мен іс-шаралар жүргізілуде. Мектепте « Оқуға қайда түсуге болады» деген стенді рәсімделінген.
9 сынып оқушылар арасында кәсіби бағдар алуға әсер етететін « Мамандық таңдау» элективті курсы ұйымдастырылған . Оны мектеп психологі Палагута Т.И. жүргізеді.
Мектепте кәсіби бағдар беру бойынша жұмыс 1-11 сынып оқушылар арасында жүргізіледі. Бұл жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Кәсіби бағдар мен білім қызығушылықтарының диагностикасын енгізген 8,9,10,11 сыныптарда кәсіби бағдар беру бойынша алдын-ала кәсіби бағыттаудың ерекше технологиясы дәстүрлі қалыптасты.
-« Менің мамандық таңдаудағы мақсатым» сауылнамасы..
-7 сынып оқушыларымен әр түрлі мамандық өкілдерімен кездесулер( медбике, бухгалтер, жүргізуші, механизатор)
Жыл сайын қаңтар,ақпан айларында оқушылар мен колледж, ЖОО студентерімен кездесулер өткізіледі.
Мектепте жоғары сынып оқушылары өзін-өзі басқару күндерін өткізгенде мектеп директоры және ОІ меңгерушісі, ОТІ меңгерушісі рөлін атқаруға мүмкіндік алады. Бұл дәстүрлі іс-шара оқушылар арасында жақсы пікірлер туғызады.
Жыл бойы келесі сынып сағаттары өткізілді : « Барлық мамандықтар жақсы» (1-4 сынып) , « Барлық жұмыс жақсы , талғамына қарай таңда» (5-7 сынып) , « Істей аламын, істегім келеді, істеуге керек» (9-11 сынып)
Кәсіби бағдар беруде негізгі және басты байланыс болып табылатыны ата-аналармен жұмыс .Ата-аналар баларының мамандық таңдауларында ,өмірде нақты қадам жасауларында белсенді қатысып , шешуші қадам жасауға ықпал етеді. Бұл қадам жасау оқушыларға да, ата-аналарына да қиындық тудыратын міндет.
9-11 сыныптарда ата-аналар жиналыстарында , сынып сағаттарда сынып жетекшілері бұл мәселелерді жан-жақты талдап , қазіргі заман талабына сай еңбек базарында сұранысы бар мамандық таңдауға кеңес береді.
« Баланың дұрыс мамандық таңдаудағы отбасының көмегі» сынып ата-аналар жиналыстары өткізілді.
« Қайда оқуға баруға болады» тақырыбы бойынша 9 ,11 сынып ата-аналарына жеке консультация берілді.