Текст
23.02.2026
"Константиновка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де 16 ақпан мен 27 ақпан аралығында Гуманитарлық цикл пәндерінің онкүндігі өтуде. Онкүндік аясында пән мұғалімдері ақындар мен жазушылардың мерейтойлық күндеріне арналған конкурстар, викториналар, ашық сабақтар , тақырыптық іс-шаралар өткізеді. Іс-шараларды дайындауға және өткізуге 9-11 сынып оқушылары 10 сынып оқушылары А .Темірбаева, А. Липова белсенді қатысады. мектеп педагогтары арасында гуманитарлық цикл пәндері бойынша қызықты викторина дайындап, өткізді . Біздің мектептің мұғалімдері сұрақтарға жауап бере отырып, викторинаға қуана қатысты, өздерінің эрудициясы мен жақсы білімдерін көрсетті.