«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Константинов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Константиновка отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области» 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінің ашық сабағы

22.04.2022

Гуманитарлық цикл онкүндігін өткізу барысында 6 сыныпта Қазақ тілі мұғалімі Нурумова Гульнара Байэлдиновна ашық сабақ өткізді.Тақырыбы: "Абайды оқы, таң қал!. Сабақта оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін бекітті. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасы туралы білімдерін көрсетті. Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқып, Абайдың "Желсіз түнде жарық ай"әнін тыңдады. Нурумова г.Б. сабақта жұмыстың көптеген формалары мен әдістерін қолданды : презентация , ән тыңдау , мәтінмен жұмыс , жұқа және қалың сұрақтар, "автобус аялдамасы" - сұрақ-жауап түріндегі мәтінмен жұмыс әдісі, постермен жұмыс ,постерді қорғау, сабақта әр тапсырмаға дескрипторлар мен бағалау критерийлері жасалды. Оқушылар белсенді жұмыс істеді және мұғаліммен бірге сабақтың барлық мақсаттарын орындады және қол жеткізді. Сабақта мұғалім мен оқушылар арасында қолайлы ,жұмыс атмосферасы болды.

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст