Текст
Бірінші сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру.📕📗📘. 2023 жылдың 20 қыркүйегінде мектеп кітапханашысы С В. Хутиева 1 сынып оқушыларына арналған "кітапханамен танысу" атты кітапхана сабағын өткізді. Бірінші сынып оқушылары кітап әлеміне қызықты саяхат жасады: кітапхананы пайдалану мен кітаппен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысты. Балалар іс-шараның ертегі атмосферасына қуана кіріп, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті. Кездесу соңында кітапханашы барлығын кітапханаға жазылуға шақырды. Балалар өте көңілді және пайдалы уақыт өткізді.