«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Константинов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Константиновка отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области» 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР БжҒМ 1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелерін қабылдады

17.06.2020

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініштерін қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары, дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын, жеті жастағы барлық балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

ҚР БжҒМ «Осы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында туылған балалар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың аяғында олар алты жасқа толады және мектепке қабылдануға құқылы. Сонымен қатар оқушылардың ата-аналары басқа білім беру ұйымын таңдауға құқылы» - деп атап өтті.

Баланың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері баланы оқыту үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы (бос орын болған жағдайда).

Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудан бас тартылған жағдайда білім алушының ата-анасы немесе өзге заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша білім беруді басқарудың жергілікті органдарына жүгінетіндігі белгіленген.

1-сыныпқа балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімінен тұрғылықты жер туралы анықтама алынып тасталды:

  • баланың ата-анасынан өтініш (немесе өзге де заңды өкілдерінен);
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • денсаулығы туралы анықтама ("бала денсаулығы паспорты")
  • 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

            Балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарынан, гимназиялар мен лицейлерден басқа бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.

            Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.

            Балаларды тұрғылықты жерін ескерместен конкурстық іріктеу алдыңғы қатарлы деп аталатын мектептерге - гимназиялар мен лицейлерге қабылдау үшін қарастырылған.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде білім беру мекемесінің басшылығы талапкерлер мен олардың ата-аналарын қабылдау ережелерімен, жарғы және оқу процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа құжаттармен таныстыруы керек.

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст