Текст
Жаңа 2025-2026 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге көмек көрсетуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге шақырады.